Жобаның негізгі нәтижелері
1. Ғылыми іссапарлар. Бастапқы деректерді, дереккөздер мен материалдарды жинау үшін жоба қатысушылары Ауғанстан, Ұлыбритания (Британдық кітапханасы, Лондон университеті/ SOAS Африкатану және шығыстану мектебі, Кембридж университеті), Үндістан (Дели), Пәкістан (Исламабад, Пешавар, Лахор), Ресей (Новосибирск, Барнаул, Мәскеу мемлекеттерінде) ғылыми сапарлар жасады, сапар барысында фокус-топтар, жартылай құрылымдық тереңдетілген сұхбат, ғалымдармен кеңестер, кітапханалар мен мұрағат қорларына жұмыстар жүргізілді. Іссапарлардың нәтижелері бойынша онлайн-сараптамалық сауалнамалар жасалды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері конференцияда ғылыми мақалалар мен баяндамаларға енгізілді/енгізіледі.
2. Жоба аясындағы халықаралық конференция. Осы ғылыми жобаны жүзеге асыру аясында 2024 жылдың 5-6 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетімен «Оңтүстік және Орталық Азиядағы ұлттардың құрылысы: этнос, дін, дәстүр» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырылды. Конференцияда жобаға қатысушылар келесі баяндамаларды жасады:
1 Ерекешева Л.Г. Ғылыми жобаның негізгі нәтижелері (ағылшын тілінде)
2 Ерекешева Л.Г. Бейресмиден ресмиге және керісінше: үнді мұсылмандары арасындағы әлеуметтік және діни институттар (ағылшын тілінде)
3 Муратбекова А.М. Кашмирдегі саяси бейресми институттар (ағылшын тілінде)
4 Канафьева Ш.Е. Пәкістан пуштундарының заңнама саласы және мәдени бірегейлігі (қазақ тілінде)
5 Габдуллин К.Т. Пенджабтағы сикхтерді анықтаудағы дәстүрлі бейресми институттар (орыс тілінде)
6 Урумова Т.Б. Бөлініс жарақаты мен сикх бірегейлігі: Кхушвант Сингхтің “Пәкістанға апарар поезд” шығармасы аясында (қазақ тілінде)
Конференция туралы негізгі ақпарат қоса берілген файлдар мен сілтемелерде.
  1. Постер
  2. конференция бағдарламасы
  3. конференция тураы видео-релиз
  4. ҚазҰУ сайтына жарияланған конференция туралы ақпараттың сілтемесі:
































Жарияланған мақалалар:
1. Ерекешева Л.Г. Ұлт құрудың интеллектуалды дискурсы: Үндістандағы ұлтшылдық және тарихты түсіну [Интеллектуальный дискурс нациестроительства: национализм и осмысление истории в Индии] // Новые исследования Тувы. – 2024. – № 4. – С. 310-324. DOI: https://doi.org/10.25178/nit.2024.4.20 (орысша)
2. Egamberdiyev M.Sh., Kanafyeva Sh.E. Тарихи өзара әрекеттесу контекстіндегі сопылық дәстүр: Қазақстан мен Пәкістанның мысалы [The Tradition of Sufism in the Context of Historical Interaction: The Case of Kazakhstan and Pakistan] // Turkish Culture and Hacı Bektaş Veli Research Journal. – 2025. – N 113. – P. 267-285. https://doi.org/10.60163/tkhcbva.1596648 (ағылшынша)
3. Канафьева Ш.Е. Оңтүстік Азияның дәстүрлі қоғамдарындағы тайпалық фактор (пуштун этносы мысалында) // Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. – 2024. – No1 (108). – C. 73-83. https://bulletin-orientalism.kaznu.kz/index.php/1-vostok/article/view/2039/1519
4. Канафьева Ш.Е. Қазіргі Пәкістандағы этникалық және діни азшылықтардың дискурсы // Вестник КазНУ. Серия Религиоведение. – 2024. – N 2 (38). – C. 84-94. https://bulletin-religious.kaznu.kz/index.php/relig/article/view/636/411
5. Муратбекова, А.М, Габдуллин, К.Т. Белгісіздік жағдайында Кашмирдегі бейресми институттардың өзара әрекеттесуі [Взаимодействие неформальных институтов Кашмира в условиях неопределенности] // Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. – 2024. – N 2(109). – C. 26-37.  https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v109.i2.03 (орысша)
6. Жарбосынова Н.Д. Қазіргі Пәкістандағы пенджабилердің этникалық бірегейлігі мен мемлекеттік институттар [Государственные институты и этническая идентичность пенджабцев в современном Пакистане] // Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. – 2024. – N 110(3). – C. 48–56. https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v110.i3.05   
7. Габдуллин К.Т., Муратбекова А.М.  Үндістанның Пенджаб штатындағы сикхтерді анықтаудағы Халса институтының рөлі: тарих және қазіргі заман [Роль института Хальсы в идентификации сикхов индийского штата Пенджаб: история и современность] // Казахстанское востоковедение. - 2025. – №1. – Том 13. – С. 60-76. https://doi.org/10.63051/kos.2025.1.60 (орысша)

Библиографиялық каталогқа
ағылшын, пушту, орыс тілдерінде жарияланған дереккөздер, материалдар, ғылыми еңбектер, сонымен қатар жоба тақырыбы бойынша интернет-ресурстар енгізілген.
Библиографиялық каталог
Made on
Tilda