Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2022 жылғы 1 қыркүйек – 2024 жылғы 1 қараша
Жобаның мақсаты – Оңтүстік Азияның (Ауғанстан, Үндістан, Пәкістан) қазіргі қоғамдарының ұлттық ынтымақтастығы процестеріне этникалық, этноконфессиялық факторлардың әсерін зерттеу.
Жобаның негізгі міндеттері зерттеудің келесі аспектілерін қамтиды:
1) этникалық және рулық-тайпалық әртүрліліктің тарихи ерекшеліктері; 2) Ауғанстан, Үндістан, Пәкістандағы пуштундар, пенжабилер және кашмирлердің дамуына әсер ететін ресми және бейресми институттардың ерекшеліктері; 3) мемлекеттік институттар мен этникалық/этно-конфессиялық, рулық және тайпалық топтардың өзара қарым-қатынасы; 4) этникалық/этно-конфессиялық, рулық және тайпалық топтар өкілдерінің интеллектуалды дискурсы. Хронологиялық тұрғыдан жоба XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың І жартысындағы тарихи жағдайды ескере отырып, қазіргі кезеңді қамтиды.
Негізгі зерттеу мәселесі келесідей: зерттелетін елдерде бір жағынан рулық-тайпалық, этникалық, этноконфессиялық бірегейлік және екінші жағынан ұлттық бірегейлік өзара қалай байланысты? Басқаша айтқанда, партикулярлық және жалпы сәйкестіктер арасында қандай корреляция бар және оның себептері неде? Негізгі зерттеу мәселесін шешу осы сәйкестік түрлерінің ұлттық ынтымақтастық, ұлттық мемелекет құру және аймақ қоғамдарының бірлігі процестеріне әсерімен байланысты заңдылықтарды жақсы түсінуге көмектеседі.
Зерттеу әдістері. Қойылған міндеттерді шешу үшін зерттеудің мынадай сапалы әдістері пайдаланылды: фокус топтық сұхбат әдісі (фокус-топтар), жартылай құрылымдық тереңдетілген сұхбат, сараптамалық сауалнама әдісі, тақырыптық талдау, контент-талдау, дискурс-талдау. Зерттеудің сандық әдістерінен халық санағының статистикалық деректерін, демографиялық шолуларды, мемлекеттік және басқа органдардың есептерін және т. б. талдауды атап өтуге болады. Сұхбат жүргізуге дайындық барысында жобаны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жергілікті этикалық комитетіне (ЖЭК) тіркеу жүзеге асырылды. Хаттама № IRB – A507 (IRB00010790 al-Farabi Kazakh National University IRB#1).